Үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында І.Жансүгіров атындағы тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай "Ұлтымыздың ұлы тұлғасы" атты танымдық сағат өткізілді.Шара жас ұрпаққа Д.А.Қонаев атамыздың өмірі мен мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын насихаттау барысында өтті.