«Әбу-Насыр Әл-Фараби және Абай шығармашылығының үндестігі»

Категория: Новости
Дата: 13.01.2020
Просмотры: 358 Печать страницы
«Әбу-Насыр Әл-Фараби және Абай шығармашылығының үндестігі»

Ү.ж. 10 қаңтар күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері  ауылдық  кітапхана қызметкерлерімен бірігіп  «Әбу-Насыр Әл-Фараби  және Абай шығармашылығының үндестігі» атты дөңгелек үстел өткізді.  Мақсаты: Әл-Фараби мен Абай сынды қос ғұламаны жеке тұлға ретінде таныту және олардың шығармаларындағы даналық ойлардың мазмұнын ашып, салыстыру. Шара барысында ұлы ғұламалардың бүгінгі және ертеңгі күннің бейнесі болып табылатын тақырыптар мен шығармаларының сюжеттері талқыланды. Дөңгелек үстел соңында оқушылар Әл-Фараби мен Абайдың  өміріне қатысты қызықты деректерден өз ойларын ортаға салып, ұлы ойшылдардың шығармаларының ғасырдан ғасырға еш өзгеріссіз, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа қалыптастырудың қажеттілігін ұғынды.