«Жыр нөсерін аспанға атқан пір – бабам»

Категория: Новости
Дата: 13.01.2020
Просмотры: 226 Печать страницы
«Жыр нөсерін аспанға атқан пір – бабам»

2020 жылы 9-қаңтарында Жамбыл Жабаевтың әдеби-меориалды музейінде «Жыр нөсерін аспанға атқан пір – бабам» атты экспозициялық комплекс құрылды.  Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу-сызуды білмесе де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.Экспозицияға Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың  фотосуреттері, 1936 жылдан – 2016 жылдың аралығында баспадан шыққан шығармалар жинағы қойылды. Дүние жүзіне аты мәлім халық поэзиясының алыбы, артына өшпес мұра қалдырған ақын шығармашылығын насихаттай отырып, қазақ әдебиетіндегі алатын орны қаншалықты маңызды екені ерекше аталып өтті.  Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.