2019 жылдың 13 қаңтар күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде дара да, дана тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Д.А.Қонаевтың туылғанына 108 жыл толуына орай, ғибратты өмір жолын үлгі етіп, мемлекеттегі қоғамдық-саяси қызметін дәріптеу мақсатында, М.Сеңгірбаев атындағы мектеп оқушыларына ұйымдастырылған «Естен кетпес ұлы есім» тақырыбында еске алу шарасы өтті.