"Ғасыр әуені"

Категория: Новости
Дата: 21.09.2018
Просмотры: 406 Печать страницы

21 қыркүйек күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Е.Жайсаңбаев мектебінің оқушыларына, қазақ халқының белгілі композиторы Мұқан Төлебаевтың туғанына 105 жыл толуына арналған "Ғасыр әуені" атты тақырыптық сағат өтті. Аталған шара барысында Мұқан Төлебаевтың өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасалып, бейнеролик көрсетілді. Мұқан Төлебаевтың шығармаларының ішіндегі ең маңыздысы болып саналатын, күллі әлем мойындаған "Біржан - Сара" операсына талдау жасалды. Шара соңында оқушылар М.Төлебаевтың суреттері мен кітаптарымен танысты.