«Қонаев – ғасыр адамы»

Категория: Новости
Дата: 16.01.2020
Просмотры: 295 Печать страницы
«Қонаев – ғасыр адамы»

        2020 жылдың   15 қаңтар күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Д. А. Қонаевтың    туған күніне орай «Қонаев – ғасыр адамы» атты шара ұйымдастырылды.  Шараның мақсаты – кемеңгер тұлғаның ұлағатты өмірі, халқына сіңірген қажырлы еңбегі мен ерлігін насихаттау. Шара барысында халқының біртуар азаматы Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың өмірінен сыр шертетін бейнеролик көрсетіліп, заңғар тұлғаға арналған өлеңдер оқылып, әннен шашу шашылды. Шара соңында музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.