23 қаңтар күні Батыр бабалар мемориалы музейінің қызметкерлері Қаскелең қ. Алтын ауыл орта мектебі ұстаздарының ұйымдастырған «Өскелең ұрпақтың ұлттық тарихи санасын қалыптастыру» атты семинарының «Атқа міну мәдениеті» секциясы тобына «Қазақ ер-тұрмандары: атаулары және өңірлік ерекшеліктері» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушыларға, арнайы дайындалған слайд-шоудың көмегімен ер-тұрмандарының: «қазақы ер», «қозы құйрық ер», «құранды ер», «үйрек бас ер» сияқты түрлері және олардың жасалу техникасы жайында таныстырылды. Сонымен қатар, семинарға қатысушы ұстаздар мен оқушылар назарына – музей коллекциясындағы құнды артефактілердің бірі әрі бірегейі XVIII ғғ. тән кешенді құранды ер-тұрман ұсынылды.
Пресс-центр
«Қазақ ер-тұрмандары: атаулары және өңірлік ерекшеліктері»
Категория: Новости | |
Дата: 24.01.2020 | |
Просмотры: 379 | Печать страницы |