«Ілияс және кино»

Категория: Новости
Дата: 24.01.2020
Просмотры: 360 Печать страницы
«Ілияс және кино»

         2020 жылдың 24 қаңтар күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде № 2 орта мектептің оқушыларымен «Ілияс және кино» атты танымдық сағат өтті.  Шараның мақсаты І.Жансүгіровтің ақын, жазушы ғана емес баспасөз беттеріне кино өндірісін дамыту туралы үздіксіз мақалалар жариялап,  ойлары мен пікірлерін ортаға салған қоғам қайраткері, мәдениет пен өнердің жанашыры екенін бүгінгі қазақ жастарына жеткізу. Кеш барысында 1930 жылы қазақ кино өнерінде алғаш түсірілген «Қазақстанға – 10 жыл» атты деректі фильмнің алғашқы консультанты болып бекітілген Ілияс Жансүгіров жайында мәліметтер беріліп, деректі фильмдер көрсетілді. Сонымен қатар «Ілиястың кино саласындағы үлесі» атты көрме безендіріліп, музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.