Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 23 күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері "Киіз үй - ұлттық құндылықтар қазынасы" атты тақырыптық экскурсия өткізді. Экскурсия –жас ұрпақтың мәдени құндылықтарға деген сүйіспеншілігін ояту, тарихымыздан хабар беріп, мәдениетімізді бейнелейтін мәдени мұраларымыздың бірі, қазақ халқының қасиетті қара шаңырағы –киелі киіз үйдің құрылысы, жасалуы, тұрмыста қолданылуы туралы мәлімет беру мақсатында ұйымдастырылды.
Пресс-центр
"Киіз үй - ұлттық құндылықтар қазынасы"
Категория: Новости | |
Дата: 24.01.2020 | |
Просмотры: 324 | Печать страницы |