
24 қаңтарында Жамбыл ауданы мәдениет бөлімі, аудандық кітапхана, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған «Ұлы даланың - ұлы тұлғасы» атты кездесу кеші өтті. Шараға жазушы Жұмабай Шаштайұлы, ақын Орысбай Әбділдаев, Нұрманбет Қизатұлы, Талғат Сүйінбайұлы, Доқтырхан Тұралбекұлы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ә.Далабаев және т.б. қонақтар қатысты.