Үстіміздегі жылдың 27-ші қаңтарында қазақ халқының зергерлік бұйымдары туралы жан - жақты мағлұмат беру мақсатында Ақын Сараның мемориалды музейінде «Зергерлік мол мұра» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсияға Ғали Орманов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Музей қызметкерлері зергерлік өнер тарихын, жасалу технологиясын айта отырып, әдемі бұйымдармен таныстырды. Оқушылар да өз тараптарынан ойларын білдіріп, сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.