«Тілден терең теңіз жоқ»

Категория: Новости
Дата: 21.09.2018
Просмотры: 407 Печать страницы
«Тілден терең теңіз жоқ»

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде І.Жансүгіров әдеби музейінде Қазақстан Республикасы  халықтарының тілдер мерекесі күніне орай «Тілден терең теңіз жоқ» атты мерекелік  шара өтті. Шараның мақсаты сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып келе жатқан қазақ тілін жастардың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу. Мерекелік кешке «Тіл» оқыту-әдістемелік орталығының әдіскері, «Білім» гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары мен білімгерлері,  № 2 орта мектептің, № 18 орта мектептің, Н.Тілендиев атындағы музыка мектебінің оқушылары мен оқытушылары қатысты. Аталған іс-шара барысында ұлттық бірегейлікті сақтау, үш тілде білім беру, ұлттық қод және қазақ тілін латын графикасына көшіру сынды байыпты бастамалар талқыланды. Тілдер мерекесіне арналған бейнероликтер көрсетіліп, ән мен жырдан шашу шашылды. Ал, жастар тарабы ана тіліне деген сүйіспеншілігін арнау өлеңдерімен жеткізді.  Сонымен қатар көпшілік назарына «Мемлекеттік тіл-мәртебеміз» атты кітап көрмесі таныстырылды.