Ү.ж ақпан айының 5 күні І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Ұлттық бұйымдар сыр шертеді" атты көрме ұйымдастырылды. Көрме - Халқымыздың қайнар көзі – қазақтың ұлттық бұйымдары туралы жас ұрпаққа мол мағлұматтар бере отырып, олардың шығу, жасалу, қолданылу тарихы туралы сыр шерту, сонымен қатар балалардың ұлттық бұйымға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.