«Алатау ақындары»

Категория: Новости
Дата: 06.02.2020
Просмотры: 444 Печать страницы
«Алатау ақындары»

Ү.ж. 4 ақпан күні Ү. Кәрібаев музейінің ұйымдастыруымен Сарыбастау орта мектебінде «Алатау ақындары» жобасының мүшесі Есенқұл Жақыпбектің 66 жылдығына арналған облыстық жас ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додаға  8  ауданнан келген ақындар  қатысты. Нәтижесінде республикалық айтыстардың жеңімпазы, Алматы қаласының тұрғыны Мөлдір Айтбай бас жүлдені, Жамбыл ауданының ақыны  Сатыпалды Әмір бірінші орынмен иеленді. Екінші орын алматылық Нұрбол Жауынбаев пен Жамбыл аудандық Айым Асылбекқызына бұйырды. Үшінші орынды Жамбыл аудандық  Ерасыл Жұмабек, Райымбек аудандық  Жамали Айбын, Кеген аудандық Сауытбек Расул, Талғар аудандық Нұрислам Абитилда алды. Қатысқан барша ақындар арнайы жүлдемен, Құрмет грамотасымен марапатталып, сондай-ақ ақындарға Ү.Кәрібаев музейі тарапынан арнайы сыйлықтар берілді.