«Абай және Ілияс шығармашылығындағы үндестік»

Категория: Новости
Дата: 11.02.2020
Просмотры: 256 Печать страницы
«Абай және Ілияс шығармашылығындағы үндестік»

            2020 жылдың 7 ақпан күні І.Жансүгіровтің  әдеби музейінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай және Ілияс шығармашылығындағы үндестік» атты поэзиялық кеш өтті. Шараның мақсаты ұлы ақын Абай Құнанбаев пен қазақта Абайдан кейінгі екінші ақын саналатын, өресі биік, өрісі кең Ілияс Жансүгіровтің өнегелі өмірлерімен таныстыру,  ақындардың рухани, асыл мұраларының үндестігін насихаттау. Шара барысында К.Ушинский атындағы №7 орта мектептің оқушылары ақынның  өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып,  «Абай-дара, Абай-дана» атты кітап көрмесімен танысты.