«Көшбасшы тұлғасын тәрбиелеудегі отбасының рөлі»

Категория: Новости
Дата: 08.02.2020
Просмотры: 327 Печать страницы
«Көшбасшы тұлғасын тәрбиелеудегі отбасының рөлі»

2020 жылдың 7 ақпан күні «Анаға құрмет» музейінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Тұңғыш Президент жолымен халықтық экспедициясы» жобасы аясында «Көшбасшы тұлғасын тәрбиелеудегі отбасының рөлі» тақырыбында отырысы өтті. Жиын барысында, Алматы облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Баймадиева Несіпжамал Қасымбекқызы жас ұрпақты тұлға ретінде қалыптастыруда облыстық аналар кеңесі жүргізіп отырған жұмыстары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, Қарасай аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбайқызы «Алып - анадан туады» тақырыбында сөзін жалғастырды. Сондай-ақ бұл ауқымды іс шарамыз ақ жаулықты әжелеріміздің ана туралы жыр әні мен аяқталды.