Үстіміздегі жылдың ақпан айының 12-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері Талдықорған қалалық «Естуі нашар» мүмкіндігі шектеулі мектеп-интернаты бүлдіршіндерінің өмірден шеттеп қалмауы мақсатында «Алтын Адам – ғасыр тарихы» атты арнайы қайырымдылық жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Аталмыш көрмеге музей қорынан алынған 20-дан астам Жетісу жерінен табылған темір дәуірінде қолданыста болған тарихи мұраларымыз және жәдігерлеріміз қойылып, экскурсия жүргізілді.