«Ұлы дала перзенті»

Категория: Новости
Дата: 12.02.2020
Просмотры: 262 Печать страницы
«Ұлы дала перзенті»

         2020 жылдың 12 ақпан күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінің қызметкерлері Ескелді ауданы Жетісу ауылы, Жетісу орта мектебінде «Ұлы дала перзенті» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: дала академигі, колхоз құрылысының көрнекті қайраткері, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың халықтың игілігі үшін атқарған ізгілікті істері мен ұлағатты өмірін насихаттау. Көрмеде Еңбек Ерінің құжаттары, тұтынған бұйымдары, фотосуреттері мен Н. Алдабергенов жайлы жазылған кітаптар оқушылар мен мектеп ұжымы назарына ұсынылды.