"Ұлты үшін құрбан болған асыл ерлер"

Категория: Новости
Дата: 25.09.2018
Просмотры: 400 Печать страницы

Бүгін Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ғ.Орманов мектебінің оқушыларына "Ұлты үшін құрбан болған асыл ерлер" атты лекция өткізілді. Ұлтының болашағы үшін жанын құрбан еткен Исатай, Махамбет, Хан Кенесары, Алаш арыстары сынды асыл ерлердің қысқаша өмір жолдары мен Тәуелсіздік жолындағы күрестері жөнінде тарихи деректер келтірілді. Лекция оқушыларға қызықты өтті. Оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, пікір алмастырылды. Соңында оқушылар өз ойларымен бөлісті.