13 ақпан күні Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап музей қызметкерлері дайындаған «Қазақтың дана Абайы» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары және ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты. Кеш барысында музей қызметкерлері ақынның туған жері, ата-анасы, өскен ортасы жайлы деректер айтып, тәрбиелік мәні зор қара сөздерінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар мектеп оқушылары да ұлы ақынның өлеңдерін жатқа айтумен бірге аударма мысалдарын рөлге бөліп оқу арқылы көпшілікке Абайдың аудармашылық қырын да танытты.Музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтілген кеш соңы көпшіліктің Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін барлығы бірге шырқаумен аяқталды.