«Ақындықтың Құлагері»

Категория: Новости
Дата: 13.02.2020
Просмотры: 279 Печать страницы
«Ақындықтың Құлагері»

         2020 жылдың 12 ақпан күні І.Жансүгіровтің әдеби музейінде   Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне  «Ақындықтың Құлагері» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Қасиетті туған өлкеміздің ірі тұлғаларымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған экскурсия барасында балаларға музей қорындағы ақынның жейдесі, құжаттарының көшірмелері, соңғы түсірілген фотосуреттері, ақынның көзі тірісінде жарық көрген кітаптары ерекше әсер қалдырды.