Үстіміздегі жылдың 12 ақпанында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қолөнер - сырлы өнер» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрме - көпшілік қауымды қазақтың ұлттық қолөнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, оның халықтың тұрмыс-салтында алатын орнының қаншалықты маңызды екендігін ұғындыру, төл мәдениетімізді қастерлеуге баулу, сонымен қатар жергілікті қолөнершілердің шығармашылығын насихаттау, олардың еңбектерін көпшілікке таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеге Байтықан Сәуия,Әбіләкім Гүлнар, Дүкей Шұғыла сынды жергілікті қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар қойылды. Көрермендер шеберлердiң тамаша туындыларымен танысып, ерекше әсер алды