«Қыш ыдыстар және қыш өнері»

Категория: Новости
Дата: 13.02.2020
Просмотры: 292 Печать страницы
«Қыш ыдыстар және қыш өнері»

Үстіміздегі жылдың ақпанның 13-ші жұлдызында Есік археологиялық - өлкетану музейінде  В.Терешкова атындағы орта мектептің  4 сынып оқушыларына «Қыш ыдыстар және қыш өнері» атты танымдық шара өтті. Аталмыш шарада музей қорындағы қыш ыдыстар көрсетіліп, шығу тарихы туралы қызықты деректер айтылады. Сондай-ақ, "Айлин" арт студиясының қызметкері ХІІ - ХV ғасырдағы жәдігерлерді қайта жаңғырту мақсатында қыш ыдыстардың жасалу жолын көрсетті.