Ү.ж 14 ақпан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінде 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай «Ауған соғысының ардагерлеріне тағзым» атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриотық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарымызды еске алу. Көрмеге Ауған соғысының ардагерлерінің фотосуреттері, кітаптар мен мерзімді басылымдардан мақалалар қойылды. Көрмеге №1 Қабанбай орта мектебінің оқушылары қатысты.
Пресс-центр
«Ауған соғысының ардагерлеріне тағзым»
Категория: Новости | |
Дата: 14.02.2020 | |
Просмотры: 259 | Печать страницы |