«Ауғанда от кешкен батырларға тағзым!»

Категория: Новости
Дата: 17.02.2020
Просмотры: 196 Печать страницы
«Ауғанда от кешкен батырларға тағзым!»

2020 жылдың 14-ақпаны күні, Батыр бабалар мемориалды музейінің қызметкерлері Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округі әкімшілігімен бірлесе отырып, Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толуына орай, «Ауғанда от кешкен батырларға тағзым!» атты тақырыпта мәдени шара ұйымдастырды. Шараға, Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округінде тұратын ауған соғысы ардагерлері және мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.  Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ауған соғысы ардагерлерінің өмірі мен ерлігін насихаттау болды. Мектеп оқушылары ардагерлер құрметіне ән айтып, би билеп өнер көрсетсе, Ауған соғысы ардагерлерінің«Аманат» қоғамдық ұйымының төрағасы Мулинов Бақытжан шараны ұйымдастырушылар мен мектеп ұстаздарын "Патриотық тәрбие үшін" медальімен және "Алғыс хаттармен" марапаттады.