«Отты жылдар ел есінде»

Категория: Новости
Дата: 20.02.2020
Просмотры: 293 Печать страницы
«Отты жылдар ел есінде»

2020 жылдың 19 ақпан күні Ақсу ауданы Қапал ауылдық округінде «Ұлы даланың мәңгілік мәдениеті» атты көркем өнерпаздар байқауының өтуіне байланысты «Отты жылдар ел есінде» атты жылжымалы көрме Қапал ауылдық мәдениет үйіне құрылды. Ұлы Отан Соғысының 75 жылдығына арналған көрме Ақын Сараның мемориалды музей қорында жиналған  жәдігерлер негізінде көпшілік назарына ұсынылды. Көрмедегі өлкеден шыққан ардагерлердің фото суреттері мен жеке заттары және соғыс жылдарындағы қолданыста болған заттар арқылы майдан тарихы таныстырылды.