Ү.ж 20 ақпанында І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде Ақсу ауданының 90 жылдығына орай «Алтын ұям –Ақсуым» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында музей көрермендеріне еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жалпақ жұртыңды, исі Алашыңды қадірлеу алдымен өзің туған өлкенің тарихы мен табиғатын танудан, тұлғаларын ардақтаудан басталады» деген қанатты сөзін тілге тиек ете отырып, Ақсу ауданының тарихымен жан-жақты таныстырып, Ақсу өлкесінен сыр шертетін көптеген мағлұматтар берілді.