
Ү.ж. 20 ақпан күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері және О.Молдағожин атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып, ұлтымыздың дара туған ұлы перзенті - хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Өлең сөздің патшасы» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Мақсаты:Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін мәнерлеп оқу. Әдеби кеш барысында оқушылар Абайдың өлеңдерін оқып, қара сөздерін талдады. Ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды. Шараға О.Молдағожин атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.