«Жыр алыбы - Жамбыл»

Категория: Новости
Дата: 21.02.2020
Просмотры: 292 Печать страницы
«Жыр алыбы - Жамбыл»

2020 жылдың  20 ақпанында Алматы қаласында  Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып Жамбыл Жабаевтың туғанына 174 жыл толуына арналған «Жыр алыбы -  Жамбыл» атты кеш өтті. Кешке белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар, жамбылтанушылар шақырылды. Кеш барысында келген қонақтар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы өз ойларын ортаға салды . Жамбыл атындағы  №161, Сүйінбай атындағы  №143  лицей оқушылары ақынның өлеңдерін оқыса, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер Академиясының дәстүрлі бөлімінің студенттері  Жамбыл атамыздың әндерін орындады. Кеш өз деңгейінде өте тартымды өтті.