Ү. ж. 21 ақпан күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде ұлы ақын, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Өлең – сөздің патшасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау. Кеш барысында хакім Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері оқылып, әндері шырқалып, сахналық қойылым көрсетілді. Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылы, М. Байысов мектебінің түлегі, бүгінгі таңда ҚР-ның Еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинованың аталмыш шараға арнайы жолдаған видеоролигі көрсетілді. Сонымен қатар ақын шығармашылығынан сыр шертетін «Әлемге танылған - Абай» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.