Үстіміздегі жылдың 21 ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінде «Зергерлік бұйымдар сыры» атты көрмені Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінің оқушылары тамашалады. Көрмеге күмістен жасалып әртүрлі тастармен безендірілген кемер белдік, алқа, сақина, сырға, білезік және тағы басқа да қазақ ұлттық, сондай-ақ, заманауи стильдегі жасалған зергерлік әшекейлер қойылды. Көрме оқушылардың қызығушылықтарын арттырып көңілдерінен шықты.