
2020 жылдың ақпан айының 25 ші жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешенінде Черкасск орта мектебінің 7 сынып оқушыларына «Ауғаныстаннан Кеңес әскерінің шығуына 31 жыл» атты лекция өткізді. Лекция барысында 10 жылға созылған қақтығыстың зардаптары мен ардагерлер ерлігі жайлы баяндалды.