Үстіміздегі жылдың 24 ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Арасан ауылындағы Б.Сырттанов атындағы орта мектебінде «Өткен күннен естелік» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көпшілік назарына өткен ғасырдан сыр шертетін фотокамералар мен телефондар ұсынылды. Көрме оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, көңілдерінен шықты.