Үстіміздегі жылдың 25 ақпанында Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері «Жас экскурсия жүргізуші» үйірмесінің оқушыларымен «Экскурсия музей жұмысының бір түрі» атты тақырыбында екінші сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар экскурсия, экскурсияның мақсаты мен түрлері және экскурсия жүргізушінің міндеттері туралы толыққанды мағлұмат алды. Сонымен қатар, оқушыларға ситуациялық тапсырмалар беріліп, назарларына тақырыпқа сай слайд ұсынылды. Сабаққа бар ынталарымен қатысқан балалар өз ойларын да ортаға салды.
Пресс-центр
«Экскурсия музей жұмысының бір түрі»
Категория: Новости | |
Дата: 26.02.2020 | |
Просмотры: 272 | Печать страницы |