«Үздік экскурсия жүргізуші»

Категория: Новости
Дата: 26.02.2020
Просмотры: 297 Печать страницы
«Үздік экскурсия жүргізуші»

2020 жылдың ақпан айының 25 – жұлдызында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасының «Атамекен» тарихи –мәдени орталығында, Халықаралық экскурсоводтар күніне орай «Үздік экскурсия жүргізуші» атты музейлер арасында сайыс өтті. Бұл сайысқа Қарасай және Жамбыл аудандарының экскурсоводтары қатысты. Сайыс талабы бойынша әр қатысушы өз өнерлерін ортаға салды . Алматы қаласынан арнайы шақырылған әділқазылар шешімі бойынша бас жүлдені Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің экскурсия жүргізушісі Қылышбаева Ұлан жеңіп алды , «Батыр бабалар» , «Анаға құрмет» , және Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейлерінің экскурсия жүргізушілері жүлделі орындарды иеленді.