"Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасы"

Категория: Новости
Дата: 26.02.2020
Просмотры: 274 Печать страницы

2020 жылдың 25-ақпаны күні Батыр бабалар мемориалы қызметкерлері  Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай, ҚазҰУ студенттерінің атсалысуымен  "Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасы" атты тақырыпта мәдени шара ұйымдастырды. Жиын барысында, студенттер  ұлы ойшылдың өмірі және оның ғылымның - философия, логика, жартылыстану, сондай-ақ, қайырымды қала тұрғындары мен музыкалық  тракттаттары жайында баяндама жасады. Шараға  Қырғауылды ауылындағы К.Ушинский орта мектебі ұстаздары мен оқушылары қатысып, өзара пікір алмасты. Мәдени шараның мақсаты - мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері арасында рухани байланыс орната отырып, әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жайында жеткілікті түрде танып білу болды.