«Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас!

Категория: Новости
Дата: 27.02.2020
Просмотры: 367 Печать страницы
«Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас!

2020 жылдың 26 ақпанында Ілияс Жансүгіровті  еске алу күніне орай І.Жансүгіров әдеби музейінің ұйымдастыруымен ақынның прозалық шығармашылығы және драматургиясынан «Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас!» атты мектепаралық сахналық қойылымдар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: Ілияс Жансүгіров қазақ өнерінің дамуына жанашырлық жасап, қазақтың театр, ән, күй өнерін дамытуға үлкен үлес қосқанын,  өнер тақырыбында үздіксіз мақалалар жариялап,  ойлары мен пікірлерін ортаға салған қаламгер, мәдениет пен өнердің жанашыры екенін бүгінгі жастарымызға жеткізу.

 Ақынның шығармашылығынан көркем шеберлікпен сахналық қойылым көрсетуге қаламыздағы іріктеуден өткен барлық мектептердің 5-11 сынып оқушылары қатысты. Жас таланттардың басын қосқан өнер алаңында үміткерлерден орындап тұрған шығармаларының кейіпкерлеріне ұқсап киінуі, сөйлеу, іс-әрекеті, мінез-құлқын дәл жеткізуі және сахна әдебі талап етіліп, «жеке» және «топпен» деп бағаланды.

         Байқау қорытындысы бойынша топпен:  І орын - М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы, ІІ  орын - «Айналайын» балалар үйі, ІІІ орын - №15 орта мектептің оқушылары еншіледі.

         Жеке орындауда:  І орын - № 2 орта мектептің оқушысы Саят Сая,  ІІ  орын - Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейінің оқушысы Данабай Әлібек, ІІІ орынды - № 11 Е.Берліқожаұлы атындағы орта мектептің оқушысы Қылышхан Шолпан иеленді. Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.