«Format Е»

Категория: Новости
Дата: 27.02.2020
Просмотры: 209 Печать страницы
«Format Е»

Үстіміздегі жылдың ақпан айының 26-27-28 –ші жұлдызы күндері Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатында «Format DAMU» оқу-әдістемелік орталығы Алматы облысы бойынша мәдениет қызметкерлеріне арналған «Format Е» облыстық семинар-тренинг өткізді. Аталмыш семинар-тренингқа Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлері және оның филиал меңгерушілері қатысты. Семинарда «Музей менеджменті мен маркетингін дамыту», «Музей құндылықтарының есепке алынуы, сақталуы мен пайдаланылуы», «Музей қызметіндегі бүгінгі мақсат, міндеттер», «Музейлерде мәдени шараларын ұйымдастыру және жәдігерлер негізінде баспа өнімдерін дайындау жолдары» атты тақырыптарда Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің  бөлім басшысы Лазар Гүлмира Лазарқызы лекция оқыды. Сондай ақ, семинарға лектор ретінде жоғары деңгейдегі ұстаздармен мәдениет және өнер қайраткерлері шақырылды.