Ақпан айының 28 жұлдызында Сарқан ауданының тарихы музейінің қызметкерлері Черкасск орта мектебінің оқушыларына 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Алғыс айту парызым» атты танымдық сабақ өткізді. Танымдық сабақ барысында оқушыларға ұлтаралық бейбітшілік, келісім, толеранттылық және әр қандай іске, айналасындағыларға ризашылықпен қарау жайында әңгіме айтылды.