Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне арнайы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы «Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі»-нің директоры Мухамбетова Улболсын Керейқызы келіп, музей залдарымен танысып қайтты. Тарих тағылымы мол деректерді жинақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуімізге тілектестігін білдіріп, музей қызметкерлерінің жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.