Экскурсия

Категория: Новости
Дата: 28.02.2020
Просмотры: 254 Печать страницы
Экскурсия

2020 жылдың 27 ақпан күні Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Nur Otan» партиясы Орталық Аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Сансызбаев Арыстанғали Қадырұлы жұмыс сапарымен келіп, ауыл тұрғындарымен кездесіп қайтты. Кездесуге Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары С. Нұрқадыров, "Nur Otan" партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д. Идрисов және Алдабергенов ауылдық округ әкімі Ж. Садырбаев қатысты. Жиын барысында қонақтарға музей залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, өлке тарихы кеңінен таныстырылды. Музей экспозициясын қызығушылықпен тамашалаған қонақтар, музей қызметкерлеріне шығармашылық табыстар тіледі.