
28 ақпан күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде Бақанас аграрлы-индустриялдық колледж студенттерінің қатысуымен 1 наурыз "Алғыс айту" күніне орай, "Достықтың, ынтымақтың ғажап елі, барша жұрт риза саған, қазақ елі" атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында студенттерге ұлтаралық бейбітшілік, келісім жайында әңгіме айтылды.