«Жамбыл күні»

Категория: Новости
Дата: 02.03.2020
Просмотры: 241 Печать страницы
«Жамбыл күні»

2020 жылдың 28 ақпанында жылдағы дәстүр бойынша «Жамбыл күні» мерекесі аталып өтті. Алатаудың асқақ жыршысы  ХХ- ғасырдың  Гомері Жамбыл Жабаевтың туғанына  174 жыл толуына орай зиялы қауым өкілдері ақынның туған ауылына  жиналды. Аудан әкімі Бағдат Әлиев поэзия алыбының туған күніне арнайы келген әдебиет пен өнер өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен бірге ақынның музейіне барып, ескерткішіне гүл шоғын қойды. Сондай-ақ, бабамыздың рухына бағыштап құран оқып, арнайы мал шалып, артынша ауылдағы мәдениет үйінде «Жамбыл күні» іс-шарасы жалғасын тапты.