«Ұлы даланың жыр дүлдүлдері»

Категория: Новости
Дата: 03.03.2020
Просмотры: 287 Печать страницы
«Ұлы даланың жыр дүлдүлдері»

   Үстіміздегі жылдың ақпан айының 28-ші жұлдызында ақын Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай Алматы облысы, Жамбыл аудандық әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Жамбыл күні» дәстүрлі шарасы өтті. Аталмыш шараға Сүйінбай Аронұлының әдеби- мемориалды музейі, Жамбыл Жабаевтың әдеби- мемориалды музейі және Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби мемориалды музейлері арнайы «Ұлы даланың жыр дүлдүлдері» атты жылжымалы көрме безендірді. Көрмені аудан әкімі бастаған ақын-жазушылар мен зиялы қауым және ауыл тұрғындары тамашалады.