Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде депортация жылдарында елімізге ауып келген грек ұлтының өкілі, Қазақстан грек қоғамдары «Филия» қауымдастығының президенті, Қазақстан халық Ассамблеясының мүшесі Георгий Константинович Иорданидимен «1 НАУРЫЗ-АЛҒЫС АЙТУ» күніне орай Жетіген ауылы, № 3 орта мектеп оқушыларының қатысумен танымдық-тәрбиелік кездесу кеші ұйымдастырылды. Аталмыш кеште ауылдық мектеп оқушылары арасынан әртүрлі ұлт өкілдерінің бүлдіршіндері ризашылық ізгі тілектерін айтып, өлең жолдады.