Ағымдағы жылдың 4-наурызы күні, Батыр бабалар мемориалы қызметкерлері С.Сәдуақасұлының туғанына 120 жыл толуына орай, К.Ушинский орта мектебі оқушыларына «С.Сәдуақасұлының өмірі және қоғамдық-саяси қызметі» атты тақырыпта дәріс оқып, кітап көрмесін ұйымдастырды. Дәріс барысында, ХХ ғ. басындағы мемлекет және қоғам қайраткері С.Сәдуақасұлының өмірі және оның әр жылдары атқарған қоғамдық қызметтері мен шығармалары жайында таныстырылды. Сондай-ақ, С.Сәдуақасұлының – 1925 жылы Ф. И. Голощекиннің Қазақстанға басшылыққа келе салып, қазақ даласына «Кіші қазан» революциясын жүргізуіне ашық қарсы шығуы және индустрияландыру саясаты барысында елімізді тек шикізат көзі ретінде қалдырмай, өнеркәсіп орындарының көптеп салынуы керектігі жайында айтқан пікірлеріне орай, «сәдуақасовшылдық», «ұлтшыл-уклонисттер» деген түрлі саяси айыптаулар тағылып, қудалануы жайында түсіндірілді.Дәрістің мақсаты – ХХ ғ. басындағы қазақ зиялылырының бірі – Смағұл Сәдуақасұлының өмірін және оның шығармашылығы мен түрлі салада атқарған қоғамдық-саяси қызметін түсіндіре отырып, ұлттың болашағы жолында өз өмірін арнаған, ерлердің есімін ұлықтау болды.
Пресс-центр
«С.Сәдуақасұлының өмірі және қоғамдық-саяси қызметі»
Категория: Новости | |
Дата: 06.03.2020 | |
Просмотры: 252 | Печать страницы |