
Үстіміздегі жылдың 4 наурызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Даңқ орденінің толық кавалері, ҰОС-на қатысушы Темірғали Исабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Көксу аудандық Т.Исабаев атындағы Теректі орта мектебінің оқушыларына «Полный кавалер ордена Славы – наш земляк Темиргали Исабаев» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар Т.Исабаевтың өмірбаянымен, өміріне қатысты құжаттармен, марапаттарымен, фотосуреттерімен танысты. Экскурсия соңында оқушылар назарына «Казахстан в годы Великой Отечественной войны» деректі фильмі ұсынылды.