2020 жылы наурыз айының 4-ші жұлдызында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Шын жүректен алғыс айтамыз...» атты ауыл тұрғындарымен кездесу кеші өтті. Аталмыш шара қонақтарына мейірімділік, ризашылық, ізгі тілектер мен алғыстар жайында өлеңдер оқылып, ән айтылды.