«Жақсы жандар жанымызда әрқашан»

Категория: Новости
Дата: 28.09.2018
Просмотры: 395 Печать страницы
«Жақсы жандар жанымызда әрқашан»

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, 1 қазан – Қарттар күніне орай ү.ж. 28 – ші қыркүйек күні Алматы облыстық  М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Талдықорған қаласының тұрғыны, жеке коллекционер Марат Қасеновтың қатысуымен «Жақсы жандар жанымызда әрқашан» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Шараның мақсаты Жетісу өлкесінің тарихына қатысты тарихи –мәдени құндылықтарды насихаттау арқылы ұлттық рухты нығайту, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру. Аталмыш шараға №4 мектептің 7 «А» сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Кеш М.Қасеновқа арналған оқушылардың мерекелік әні мен дайындаған өлеңдері оқылды. Сондай ақ, М.Қасеновқа көптеген көкейтесті сұрақтар қою арқылы қызықты әңгімелер тыңдалды. Шараның соңы М.Қасеновтың жинаған жеке коллекциялық музейіне саяхат жасалып, мерекелік сыйлық тарту етумен аяқталды.