Ү.ж. 6 наурыз күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Ардақты ана, Батыр ана, Ер ана" тақырыбында көпбалалы аналармен кездесу өткізілді. Мақсаты: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Кездесуге 11 баланы тәрбиелеген «Алтын алқа» иегері Н.Абдикаримова, 6 бала тәрбиелеп отырған «Күміс алқа» иегері Г.Бекмадиева және 5 бала тәрбиелеп отырған Р.Тұрысбекова қатысты. Шара барысында оқушылар аналарға арнап ән айтып, би биледі. Аналар өздерінің бала тәрбиесіндегі тәжірибелерімен бөлісті.